Орталық қалалық кітапханада қазақ тiл бiлiмiнiң негiзiн қалаушы ғалым ағартушы-педагог, сөз құдiретiн танытқан жаңаша ақын – Ахмет Байтұрсынұлының туған күні және Қазақстан халқы тілдер күніне арналған «Тіл мәдениетінің жанашыры» атты оқырмандар конференциясы өтті.Тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға – Ахмет Байтұрсынұлының педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шарада еңбектері мен шығармаларына шолу жасалды. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран етіп, танымдық мәліметке толы конференцияда жас ұландар ақын жазушылардың және Ахмет Байтұрсынұлының тіл туралы өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Қатысушылар туған халқының рухани дүниесiн көрсетуге көп күш жұмсаған әдебиет зерттеушінің нақыл сөздерімен, көсемсөздеріне тоқтала кетіп, өз ойларымен бөлісіп, талқылады. Осындай атаулы күнде оқырмандарымызға арнайы тіл мәртебесін көтеруге ерекше құрметпен кітапханашылар орындауында «Қазақ тілі» әні шырқалды. «Қазақ халқының рухани көсемі» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
«Тіл мәдениетінің жанашыры» оқырмандар конференция