Халық арасында кеңінен тараған ең танымал аспап – домбыра аспабы. Домбырада әр түрлі музыкалық шығармалар орындалады. Ән, күй, терме, жыр, толғау тіпті классикалық шығармалар да орындауға болады. Бұрын ел арасында небір әнші, жыршылар мен күйшілер өмір сүрген. Олар ел аралап, домбырамен тойларда ән салып, халықтың көңілін көтерген. Жаугершілік соғыс кезінде домбырадан төгілген күй адамға рух беріп, еңсесін көтерген екен. Аты аңызға айналған ер жүрек батыр Махамбет те домбырада ән салып, күй тарта білген. Ал, ұлы күйшілер күй өнерінің негізін қалаған Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей, Тәттімбеттер домбыра аспабында өте шеберлікпен ойнағанын мақтанышпен айтамыз. Домбыра аспабы бір сөзбен айтқанда қазақ халқымен бірге жаралған деп айтуға болады. Осы күнге орай орталық қалалық кітапхана «Домбыра аңызға айналған аспап!» атты музыкалық миксті назарларыңызға ұсынады.

«Домбыра аңызға айналған аспап!» – Орталық қалалық кітапхана

Пікір үстеу