«Менің достарым менімен болған кезде» мейірімділік сағат

7 қазан Үлгілі балалар кітапханасы ерекше қажеттіліктері бар балалармен, олардың ата-аналарымен және үй жағдайында арнайы қызмет көрсететін бөлімнің әлеуметтік қызметкерлерімен бірге «Менің достарым менімен болған кезде» атты мейірімділік сағатын өткізді. Кітапханашылар балалармен мейірімділік туралы, жақсы адам болудың маңыздылығы жайында әңгімелесті.

«Кітапхана жұмысында жасанды интеллектіні пайдалану» тақырыбындағы семинар-практикум

14 қазан Степногорск қаласының Орталық қалалық кітапхана қызметкерлері М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Қосшы қаласының Орталық қалалық кітапханасында «Кітапхана жұмысында жасанды интеллектіні пайдалану» тақырыбындағы семинар-практикумға қатысты. Кітапхана саласында жасанды интеллекті қолдану мүмкіндіктерін зерттеуге, кәсіби тәжірибе алмасуға