Степногорск қ. «ОКЖ» КММ кітапханашылары арасында Орталық қалалық кітапханада «Алмаз білім:ой-сана алаңы» атты интерактивті философиялық кеш өтті. Кент, ауыл кітапханшылары ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай «Абай әлемі» атты портрет сағатын өткізді. Ақынның шығармашылығымен ғылыми еңбектері туралы мағлұмат берді.