«Менің достарым менімен болған кезде» мейірімділік сағат

7 қазан Үлгілі балалар кітапханасы ерекше қажеттіліктері бар балалармен, олардың ата-аналарымен және үй жағдайында арнайы қызмет көрсететін бөлімнің әлеуметтік қызметкерлерімен бірге «Менің достарым менімен болған кезде» атты мейірімділік сағатын өткізді. Кітапханашылар балалармен мейірімділік туралы, жақсы адам болудың маңыздылығы жайында әңгімелесті.

«Кітапхана жұмысында жасанды интеллектіні пайдалану» тақырыбындағы семинар-практикум

14 қазан Степногорск қаласының Орталық қалалық кітапхана қызметкерлері М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Қосшы қаласының Орталық қалалық кітапханасында «Кітапхана жұмысында жасанды интеллектіні пайдалану» тақырыбындағы семинар-практикумға қатысты. Кітапхана саласында жасанды интеллекті қолдану мүмкіндіктерін зерттеуге, кәсіби тәжірибе алмасуға

«Мұғалім – шабыт көзі» ашық әңгіме

4 қазан Үлгілі балалар кітапханасында мұғалімдер күніне орай «Мұғалім – шабыт көзі» атты ашық әңгіме өтті. Іс- шараға орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Литвинова Алёна Васильевна және А.С. Пушкин атындағы №3 көпсалалы мектеп-лицейінің 9 «Б» сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы

«Ұстаз аты мәңгілік, жанымда қалар жаңғырып»

Орталық қалалық кітапханасы 5 қазан Ұстаздар күніне орай «Ұстаз аты мәңгілік, жанымда қалар жаңғырып» атты бейнеқұттықтауды барша ұстаздарға арнайды. Ұлағатты ұстаздар еңбектеріңіз әрдайым ел құрметіне бөленіп, шәкірттеріңіздің жүрегінде мәңгі сақталсын!

«Алмаз білім:ой-сана алаңы» интерактивті философиялық кеш

Степногорск қ. «ОКЖ» КММ кітапханашылары арасында Орталық қалалық кітапханада «Алмаз білім:ой-сана алаңы» атты интерактивті философиялық кеш өтті. Кент, ауыл кітапханшылары ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай «Абай әлемі» атты портрет сағатын өткізді. Ақынның шығармашылығымен ғылыми еңбектері туралы мағлұмат берді.