«Біз сіз үшін жұмыс істеміз!» / бейнеобзор

Орталық қалалық кітапханасының ақпараттық-библиографиялық бөлімі шығаратын библиографиялық басылымдар бойынша онлайн-саяхат жасауды ұсынады. «Біз сіз үшін жұмыс істеміз!» бейнеобзоры арқылы сіз өлкетанудың әртүрлі құралдарын және олардың қажеттілігін біле аласыз. Қуана көріңіз! Сізді кітапханада және https://stepbibl.kz сайтында күтеміз!

“Домбырам-асыл мұрам”

Орталық қалалық кітапхана қызметкерлері Домбыра күніне орай Степногорск қ. Балалар музыкалық мектебінің оқушыларымен “Домбырам-асыл мұрам” атты іс-шара өткізді. Шара барысында оқушылар қазақтың ұлттық аспабы домбыра тарихымен терең танысып, “Күйді тап”, “Жұмбақ сөз” ойындарына белсене қатысты. Қатысушылар күмбірлеген домбыраның үнімен сахна