Үлгілі балалар кітапханасында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы Абай: жанның жыршысы» атты Абай оқулары байқауы өткізілді. Іс шараға қала мектептері мен ауыл, кент мектептерінің 6-7-8 сынып оқушылары, «ApARTe» және «Жаңа ғасыр» театр үйірмелерінің оқушылары қатысты.