Изобильное үлгілі ауыл кітапханасында қазақ ғалымы, тарихшы, әдебиеттанушы Әлкей Марғұланның туғанына120 жыл толуына орай «Қазақ археологиясының атасы» атты тарихи сағаты өтті. Мақсаты: Еліміздің қайраткерлері туралы білу, олардың еңбектерімен танысу, жастарды тарих, археология саласына қызығушылықтарын ояту.
Өмір салты денсаулық / мобильді ақпарат күні
Орталық қалалық кітапханада «Өмір салты денсаулық» атты мобильді ақпарат күні өтті. Іс-шараға № 6 МГ 8 «А» сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға үйрету, ғасыр дерті болып саналатын зиянды әдеттер-темекі шегу, есірткі заттарды пайдаланудан аулақ болуға шақыру,
Менің сүйікті кітапшам / сурет салу күні
Қырық құдық ауылының кітапханасында Қырық құдық ауыл мектебінің 3-сынып оқушыларының қатысуымен «Менің сүйікті кітапшам» атты балалар апталығының соңғы күніне орай сурет салу күні өтті. Оқушылар өздері қалаған суреттерді сала отырып, ертегі кейіпкерлерін еске түсірді.
Кітапханадағы ойын / ойын-сауық танымдық сағаты
Бестөбе кентінің үлгілі кітапханасында «Кітапханадағы ойын» атты ойын-сауық танымдық сағаты өткізілді. Мақсаты Балалар кітабы апталығы аясында балалардың ой-өрісін кеңейту, өз білімін және бос уақытын пайдалы қолдану. Балалар сөзжұмбақ, логикалық тапсырмалар, ребустар шешіп, кішкентай оқырмандар үстел ойындарын, дойбы ойнын, сүйек лақтыру
Әдеби талғам / библиокафе
Қазақ халқы «Үш бәйтерек» деп атап кеткен қазақ әдебиетіне үлкен үлес қосқан, айтулы ақын, қарымды қаламгер, дарынды драматург Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлиннің туғанына биыл 130 жыл. Орталық қалалық кітапхана ұлағатты адамдардың өмірімен шығармашылық жолын оқушыларға таныстыру, азаматтық тұлғасын