Кітапханадағы шытырман оқиға / библиокафе

Ақсу кентінің кітапханасында балалар кітабы апталығы аясында «Кітапханадағы шытырман оқиға» атты библиокафе өткізілді, қарапайым тағамдардың керемет иісі қатысушылыарды баурады. Әрбір мәзірде детективтік коктейль, романтикалық десерт, керемет жаңа шырын және керемет ассортимент таңқалдырды.

Нескучайка / кітапхана-кинотеатр залы

Ақсу кентінің кітапханасында Балалар кітабы апталығы аясында «Нескучайка» кітапхана-кинотеатр залы өтті. Мақсаты: киноның көрнекі бейнелері арқылы қоғамның оқуға және кітапқа деген қызығушылығын тудыру, қоғамдық санада кітап оқудың жоғары беделін сақтау. Жас оқырмандар «Доктор Долитлдің таңғажайып саяхаты» комедиялық-шытырман оқиғалы фильмінен үзінділерді

Дархан дарын / ақпарат-факт

Орталық қалалық кітапхананың ақпаратты – библиографиялық бөлімі Шаймерден Қосшығұлұлының 150 жылдығына орай «Дархан дарын» атты ақпарат-факті өткізді. Іс-шараға № 7 мектептің оқушылары қатысты. Ұлт тарихында, ағарту бағытындағы жаңарулар үдерісінде ерекше тағдырымен көрінетін біртуар тұлға туралы мәліметтер берілді. Қатысушылар бейнепрезентацияны тамашалады.

Жер шоқтығы Көкшетау / әдеби саяхат

Орталық қалалық кітапхананың ақпаратты-библиографиялық бөлімінде «Жер шоқтығы Көкшетау» атты әдеби саяхат 200-жылдығына орай өткізілді. Степногорск жоғары колледжінің студенттері Көкшетау тарихы туралы қызықты мәліметтер алды, өз білімдерін электронды ойын арқылы тексерді. Қалалық кітапхана қорынан Көкшетау қаласы туралы кітаптарымен таныстырылды, кітап көрмесіндегі

Әдемі бетбелгі / шеберлік сынып

Ақсу кентінің кітапханасында «Балалар кітабы апталығы» аясында «Әдемі бетбелгі» атты шеберлік сыныбына Ақсу кентінің 2 мектебінің оқушылары қатысты. Мақсаты – балалардың шығармашылығын, қиялын, көркемдік талғамын дамыту.Қатысушылар шығармашылық жұмыстарды жасау технологиясына үлкен қызығушылық танытты.

Үкілі Ыбырайдың ізбасары / әдеби круиз

Көкшетаудың айтулы азаматтарының бірі, сазгер, әнші, домбырашы, айтыс ақыны Мұса Асайыновтың туғанына 95 жыл толуына орай Орталық қалалық кітапханада «Үкілі Ыбырайдың ізбасары» атты әдеби круиз өтті. Шараға Абай Құнанбайұлы атындағы №6 мектеп гимназиясының 8 «А» сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы ақынның

Бүгін сән – кітап оқу / интеллектуалды ойын

Қырық құдық ауыл кітапханасы «Бүгін сән-кітап оқу» атты интеллектуалды ойын балалар кітабы апталығы аясында Қырық құдық ауыл мектебінің бастауыш сынып оқушыларымен өткізілді. Оқушылар берілген сұрақтарға жылдам әрі тез жауап берді.

Қазақ археологиясының атасы / тарихи сағат

Изобильное үлгілі ауыл кітапханасында қазақ ғалымы, тарихшы, әдебиеттанушы Әлкей Марғұланның туғанына120 жыл толуына орай «Қазақ археологиясының атасы» атты тарихи сағаты өтті. Мақсаты: Еліміздің қайраткерлері туралы білу, олардың еңбектерімен танысу, жастарды тарих, археология саласына қызығушылықтарын ояту.

Өмір салты денсаулық / мобильді ақпарат күні

Орталық қалалық кітапханада «Өмір салты денсаулық» атты мобильді ақпарат күні өтті. Іс-шараға № 6 МГ 8 «А» сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға үйрету, ғасыр дерті болып саналатын зиянды әдеттер-темекі шегу, есірткі заттарды пайдаланудан аулақ болуға шақыру,

Менің сүйікті кітапшам / сурет салу күні

Қырық құдық ауылының кітапханасында Қырық құдық ауыл мектебінің 3-сынып оқушыларының қатысуымен «Менің сүйікті кітапшам» атты балалар апталығының соңғы күніне орай сурет салу күні өтті. Оқушылар өздері қалаған суреттерді сала отырып, ертегі кейіпкерлерін еске түсірді.