«QazaQQuiz» интеллектуалды-танымдық сайыс

Қалалық кітапханада Ұлттық домбыра күніне орай «QazaQQuiz» интеллектуалды-танымдық сайысы ұйымдастырылды. Іс-шараға 3517 әскери бөлімінің сарбаздары қатысты.Сайыс барысында қатысушылар «Аңыз домбыра», «Салт сана», «Күй құдіреті» сынды кезеңдерде өз білімдерін көрсетіп, ұлттық мұрамызды ұлықтады. Зияткерлік дода сарбаздардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып,

«Ұлы тұлғалар: кім бұл?» танымдық зияткерлік квиз

Орталық қалалық кітапханада «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Ұлы тұлғалар: кім бұл?» атты танымдық зияткерлік квиз ұйымдастырылды. Іс-шараға №4 «Болашақ» ОММЛИ КММ оқушылары қатысты. Сайыс үш кезеңнен тұрып, қатысушылар ұлы тұлғаларды тану, нақты деректерге негізделген сұрақтарға жауап беру

«Ұлттық теңге мәртебесі» биржалық сауда-саттық ойын

Орталық қалалық кітапханада Ұлттық валюта күніне орай ерекше мазмұнды, танымдық мәні зор «Ұлттық теңге мәртебесі» атты биржалық сауда-саттық ойыны ұйымдастырылды. Іс-шараға №4 «Болашақ» ОММЛИ КММ-нің 8 «Ә» сынып оқушылары қатысып, өз білімдерін, тапқырлықтарын, қаржылық ойлау қабілеттерін сынап көрді. Негізгі кезеңге

«Теңгенің ізімен» танымдық ойын

11 қараша күні үлгілі балалар кітапханасында «Эрудит» интеллектуалдық клубы аясында Ұлттық валюта күніне арналған «Теңгенің ізімен» атты танымдық ойын өтті. Ойынға №1 жалпы білім беретін мектептің 6 «А» және 6 «Б» сыныптарының командалары қатысты.Балаларға Қазақстан ақшасының тарихы туралы слайд-презентация көрсетіліп,

«Теңге – Республиканың қазынасы» интеллектуалды квест

Бірінші курс апталығы жалғасуда! Бүгін кітапханаға Жоғары колледждің студенттері келді. Логика мен тапқырлыққа арналған көңілді жаттығудан кейін олар кітапхана залдары бойынша қызықты саяхатқа шықты. Студенттерді «Теңге – Республиканың қазынасы» атты нағыз интеллектуалды квест күтті. Квест барысында қатысушылар: қай купюраның шын,

«Қазақ әдебиетінің ақсұнқары» викторина

Орталық қалалық кітапхананың ақпараты-библиографиялық бөлімі Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына орай «Қазақ әдебиетінің ақсұнқары» атты викторина ұйымдастырды. Викторинада Ілияс Есенберлиннің шығармашылық мұрасы дәріптелген, жазушының қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесі оқырмандарға таныстырылған.

«Степногорск және степногорлықтар» зияткерлік ойын

Орталық қалалық кітапхананың ақпаратты-библиографиялық бөлімі «Степногорск және степногорлықтар» атты зияткерлік ойын өткізді. 2024 жылы қала өзінің 60 жылдығын атап өтеді. Іс-шараға Тау-кен техникалық колледжінің студенттері шақырылды. «Алғашқы жылдар», «Степногорлықтар», «Құрметті азаматтар», «Ескерткіштер», «Ол қайда?» аталымдарына және қала тарихы бойынша сұрақтарға

«Көңілді география» ойыны

Үлгілі балалар кітапханасында «Эрудит» зияткерлік клубында «Көңілді география» ойыны өтті. Ойынға № 1 ЖББМ 8 «А» сыныбынан құралған «Тұлпар» командасы және № 2 ЖББМ 8 «Б» сыныбынан құралған «Отан» командасы қатысты. Командалар «Географиялық жылынуда» географиялық терминдер, елдердің, өзендердің, әртүрлі мемлекеттердің

Өлкеміздің табиғаты / ойын-викторина

Орталық қалалық кітапхананың ақпараттық-библиографиялық бөлімі «Біздің өлкеміздің табиғаты» атты өлкетану онлайн-ойынды дайындады. Степногорск аймағының табиғаты туралы сұрақтарға жауап беріп, өлкеміздегі гүлдердің, ағаштардың, жануарлардың атауларын белгілеп және оларды қаншалықты білетініңізді анықтаңыз. https://onlinetestpad.com/svwp7nbxckut6

«Жоғалған қазына» / ойын-кэшинг

«Папмам» отбасы клубында «Жоғалған қазына» атты кэш ойыны өткізілді. Қатысу үшін әрқайсысы өз қолымен жасалған қайық немесе теңізге қатысты қолөнерді әкелу керек болды. Ағаштан, картоннан, қағаздан, газеттерден, тіпті «Лего» конструкторынан жасалған кемелердің көрмесі болып шықты, ал аналар сэндвич қайықтарын жасады.