«Тілге құрмет – елге құрмет» сайыс қала мектептері

Қазақстан халқының Тілдері күнінің онкүндігі аясында Үлгілі балалар кітапханасында «Тілге құрмет – елге құрмет» атты сайыс қала мектептері арасында өтті. Сайысқа «Болашақ», «Жасұлан», «Барыс» командалары қатысты, 1 орын «Болашақ», 2 орын «Барыс», 3 орын «Жасұлан» командасы иеленді. Қатысушыларға бағалы сыйлықтармен

Экскурсия 3517 әскери бөлімінің әскери

Орталық қалалық кітапхананың ақпараттық-библиографиялық бөлімінде 3517 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен экскурсия өткізілді. Кітап көрмелерінен әдебиеттерге шолу жасалды, мерзімді баспасөзбен қызығушылықпен танысты.

“Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра”

Үлгілі балалар кітапханасында Домбыра күні және Құрманғазы Сағырбайұлының 205 жылдығына арналған “Нағыз қазақ-қазақ емес, нағыз қазақ-домбыра” атты шара өтті.Мақсаты балалардың ой ұшқырлығын шыңдап, ата бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға қызығушылық сезімін оятып және өнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыру.

Аттестация

Степногорск қаласының «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ қызметкерлері «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» ҚР заңына сәйкесмерзімді аттестациядан өтті. Кітапхана қызметкерлерінің атқаратын лауазымдарына сәйкестігін және олардың кәсіби қызметінің нәтижелерін бағалау негізінде, біліктілігін айқындау мақсатында жүргізілді. Аттестаттау комиссияның төрағасы М.Жұмабаев атындағы АОӘҒК-ның басшысы К.Е.Оспановтың бақылауында болды.

«МӘДЕНИЕТ: КІТАП. БІЛІМ. ТІЛ» OPENAIR фестивалі

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының бірлесіп ұйымдастыруымен Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «МӘДЕНИЕТ: КІТАП. БІЛІМ. ТІЛ» OPENAIR фестивалі өтуде. Мақсаты: Мәдениет мен өнер адамдарын, кітапхана саласында қажырлы қызмет жасап жүрген мамандарды қолдау. ҚР Мәдениет

«Кітапханадағы жаппай жұмыс түрлері» әдістемелік сағат

Степногорск қ. «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі А. С. Каиркенова «Кітапханадағы жаппай жұмыс түрлері» атты әдістемелік сағатын Zoom платформасында ауыл, кент кітапханашылардың қатысуымен өткізді. Кітапханашылардың шеберліктерін арттыру және практикалық білімдерін жетілдіру мақсатында атқарылған іс шара жұмыстарының нәтижесі

«Тілі бірдің – тілегі бір» қалалық байқау

Біз жеңіске жеттік!«Тілі бірдің – тілегі бір» атты мекеме қызметкерлері арасында өткен қалалық байқауда ОКЖ ұжымының тобы І дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.Шара қалалық мәдениет бөлімінің қолдауымен және оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

«Библиотеки в формировании регионального брендинга»

26 сәуірде Степногорск қаласының Орталық қалалық кітапханасы Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған «Библиотеки в формировании регионального брендинга» аймақаралық практикалық онлайн-семинарына қатысты. Мақсаты: кітапханалар желісінде жұмыс істейтін мамандардың кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға, жаңадан пайда болған ақпараттық