«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауыл кітапханаларын жаңғыртып, мәртебесін көтеру, тәжірибемен алмасу мақсатында Қырық құдық ауылында жүйе кітапханашыларының қатысуымен «Ауыл кітапханасы бүгін: дәстүр мен новация» атты семинар өтті. Ауыл кітапханашылары Глатко Н.А. /Степногорское ауылы/, Тукенова С.К. /Бөгенбай ауылы/, Батталова М.Н. / Қарабұлақ ауылы/ кітапхана жұмыстарымен презентация арқылы таныстырып, оқырмандарды кітапханаға, оқуға тартуда өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісті. Надежда Аркадьевна Глатко жұмыстан тыс уақытта оригами, бисер тоқу сияқты қолөнермен айналысады. Өзі жасаған бұйымдарымен көрме ұйымдастырып, әрістестеріне таныстырды. Кітапханашылар Қырық құдық ауыл кітапханасының жұмысымен танысты. Кейбір кемшіліктерге ақыл-кеңестер берілді. Қатысушылар бұл семинардан үлкен әсер алып, Қырық құдық ауылының кітапханашысы Камашева Айгүл Каировнаға өз ризашылықтарын білдірді.

«Ауыл кітапханасы бүгін: дәстүр мен новация»

Добавить комментарий