“Наурыз келсе, құт келгені, халайық!”
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық
Шашу! Шашу!

Көп шашайық шашуды, деп шашу шашылып «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік іс шара басталды! Мерекеміздің қонақтары №2 мектептің 6 «А» сынып оқушылары және «Жас қанат» клубының мүшелері. Наурыз туралы түсінік беріліп, жұмбақ шешіп, мақал мәтелдердің жалғасын тапты.Ұлт ойындары — ата – бабамыздан бізге жеткен өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз, соның бір түрі асық ойыны ойналды және қыздар ою өрнектер қиды.
Қазақтың салт-дәстүрлері туралы балаларға сұрақтар қойылып, оған толық жауаптар алынды. Балалар би билеп, ән айтып, өлеңдер оқыды. “Жауынмен жер көгерер, батамен ер көгерер” деп аталарымыз айтпақшы, бата беру – адалниет, тілек білдірудің ұлттық дәстүрі деп наурыз бата берілді. Мағауия Қуатбаевтың орындауында «Боз бала» әні орындалды. «Счастливое детство» би ұжымы «Қазақ биін» биледі. Балалар «Наурыз ғасырлар дәстүрі» кітап көрмесіне қойылған әдебиеттермен танысты.

«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні»

Добавить комментарий