Орталық қалалық кітапхана биыл «Наурыз» мерекесін кең көлемде атап өтті. Мерекелік шара кітапхана оқырмандарының, «Сырласу» клубының мүшелерінің, тау-кен техникалық колледжінің «ПҚБ-1» тобының қатысуымен өтті. «Қолөнер формуласы» қала шеберлерінің сатылым көрмесі ұйымдастырылды. «Наурыз үміт сыйлайды» кең көлемді кітап көрмесі қойылды. Шара барысында Әжелер «Көрісу» амалын көрсетіп, туралы мәлімет берді. Жарапазан айтушы бала мен өнерпаз жігіт жиналған қауымды Наурыз тойын тамашалауға шақырды. Жүргізушілер қонақтарды наурыз мерекесімен құттықтап, Наурыздың тарихы және қазақтың салт дәстүрлері мен ырым – тыйымдары туралы айтып өтті. Қуатбаев Мағауия және №9 ОМ оқушылары халық әндерін орындады. Сейтназаров Молдабек ата көпшілікке батасын берді. «Сырласу» клубының мүшесі Рабиға апа Наурыз көже тарту етті. Ет тартылып «Достық дастарханы» жайылды. 
  
«Наурыз – жаңғырудың бастауы» фольклор мерекесі

Добавить комментарий