Ердің бағын ашпаса,
Ер мұратқа жетер ме?!
Ерінің сағын сындырса,
Ел мұратқа жетер ме?! – деп Әйтеке би айтқандай, елін, жерін жаудан қорғап, еліне бостандық, бірлік сыйлаған батырлардың бірі – Алпамыс. Ендеше, “Алпамыс батыр” жырының тақырыбы қандай?

Ерлік, батырлық, отанын қорғау тақырыбында жазылған «Алпамыс батыр» жырының баспасына биыл 120 жыл. Осыған орай орталық кітапханада  «Ескіден келген рухты жыр» атты дауыстап оқу өтті. Шараға Тау-кен техникалық колледжінің студенттері қатысты. Кітапханашы жырдың мазмұны мен ерекшілігін түсіндіріп, «Алпамыс батыр» видео фильмнен үзінді көрсетті. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту, олардың көркем сөйлеу, мәнерлеп оқу, шығармашылығын арттыру мақсатымен жыр дауыстап оқытылды және талқыланды. Қатысушылар қызушылығықпен видео-фильмнің жалғасын тамашалады.

«Ескіден келген рухты жыр»

Добавить комментарий