Орталық қалалық кітапханада «Не? Қайда? Қашан?» клубы аясында «Дүние жүзі тарихы» атты бірінші маусымдық зияткерлік ойын өткізілді. Шараға №5 КМЛ, №9 ОМ, Тау-кен техникалық колледжінің және №4 «Болашақ» мектеп-интернатының командалары қатысты.

Ойын барысында ежелгі дәуір және қазіргі кезең тарихына арналған сұрақтар қойылып, қара жәшік, блиц ойыны да ойнатылды. Ойын қызықты әрі тартысты өтті. Командалардың ұпай сандары есептеліп, ең жоғары балл жинаған №5 КМЛ командасы мен №9 ОМ оқушыларына мақтау қағазы табыс етілді. Барлық командалар ақпан айында өтетін жартылай финалдық ойынға жолдама алды.

«Не? Қайда? Қашан?»

Добавить комментарий