Орталық қалалық кітапхананың ақпаратты-библиографиялық бөлімінде латын әліпбиіне көшу туралы бағытты түсіндіру, дұрыс бағыт-бағдар беру мақсатында «Латын әліпбиі-мемлекеттік тіл тірегі» атты ашық микрофон өткізілді. Іс-шараға тау-кен колледжінің студенттері мен ұстаздары, зейнеткер Тоқтамыс Сағиев қатысты.

Қонақтар өз кезектерінде латын қарпіне көшу Қазақстанның түркі әлеміне кіруіне септігін тигізетіні, жастарға қиындыққа соқпайтынын, себебі олар мектептерде ағылшын тілін оқитынын айтып ой-пікірлерін ортаға салды. Ұстаздар жастарды қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуінде белсенді ат салуларына шақырды.

«Латын әліпбиі-мемлекеттік тіл тірегі» атты ашық микрофон

Добавить комментарий