Орталық қалалық кітапханада осыдан екі жыл бұрын Абай Құнанбайұлына арналған әдеби бұрыш ашылған болатын. Мақсаты – қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, классигі Абайдың рухани мұрасын кеңінен насихаттау.

Әдеби бұрыш кітапхана қорынан Абай шығармаларынан және ол туралы материалдардан ашық қолжетімді көрме ұсынады. Онда ақын өмірі мен шығармашылығына арналған материалдар, ақын шығармалары мен аудармалары, белгілі абайтанушылардың, филологтар мен жазушылардың еңбектері қойылған.


Кітапханаға келген әрбір оқырман әдеби бұрышқа назар аударады.
Сіздер де, келіңіздер, оқыңыздар!

Абай Құнанбайұлы

Добавить комментарий