«Кітапхана – тарихи білім орталығы» халықаралық ғылыми- тәжірибелік  конференциясына қатысушылар:

  •  Қазақстан, Ресей, Монғолия елдерінің әртүрлі жүйелер мен мекемелер кітапханаларының мамандары – Қазақстанның Ұлттық кітапханалары (ҰК ҚР, ҰКА ҚР), облыстық, аудандық, ҚР ауыл аймақтары, Павлодар облысының білім саласындағы кітапханалар;
  • Ресей Федерациясының кітапханалары (Новосібір мемлекеттік облыстық ғылыми кітапхана, А. С. Пушкин атындағы Омбы мемлекеттік облыстық ғылыми кітапхана, Новосібір облысы, Карасук ауданының ОКЖ-сі);
  • Монғолия кітапханалары (Ақтан Бабиұлы атындағы орталық кітапхана, Баян-Ольгий қаласы);
  • Білім және мәдениет мекемелері – Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университет, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университет, Инновациялық Еуразия университеті; Павлодар облысының мектептері мен колледждері;
  •  Павлодар облысының мұражай мен мұрағаттар мамандары;
  • Тарихшылар, өлкетанушылар

конференцияда айтылған  “Тарихи-мәдени мұраны зерттеу және сақтау мәселелері” мен “Сандық ортада өлкетану ресурстарын, кітапхана өнімдері мен қызметтерін ілгерілетудің қазіргі заманғы тәжірибесі” пленарлық пікірталас пен секциялық отырыстарды, 24 баяндаманы, тыңдап және талқылай келе анықталғаны:

  1. Конференцияның жоғары кәсіби және ұйымдастырушылық деңгейі мен мәртебесі. Кітапхана өткізетін халықтың тарихи және мәдени мұрасын сақтау мәселелері жөніндегі конференцияға ТМД елдерінің ғылыми жұртшылығының қызығушылық танытуы;
  2. Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістікті ұйымдастыру, Қазақстан кітапханаларының бірыңғай жиынтық  электрондық каталогының, “Е-KITAP-онлайн-кітапхана” ақпараттық порталының және “Павлодар облысының сандық баспа банкі” веб-ресурсын ұсынылуы;
  3. Халықтың тарихы мен мәдениеті туралы ақпаратты сақтау мен таратудағы кітапханалардың маңызды рөлі.
  4. Кітапхана мамандарының біліктілігін арттыру қажеттілігі бойынша ҚР және шет елдердің жетекші кітапханаларында тағылымдамадан өту бағдарламаларына қатысу, қажетті сертификаттар алу.

      Ұсынылды:

  1. Оқырмандардың келесі буындарына мәдени мұраны беру негізі ретінде кітапхана қорына баспа ресурстарын мұқият іріктеудің ерекше маңыздылығын ескере отырып, электрондық ресурстармен толықтыру маңызды деп санайды және шетелдік электрондық деректер базасына жазылу үшін қаржы қаражатын бөлу қажеттілігін атап көрсету;
  2. Барлық жүйелер мен мекемелер кітапханаларында өлкетану құжаттарын цифрлау орталықтарын жаңғырту;
  3. Жергілікті басқару органдары билік органдары мен азаматтардың өзара байланысын ұйымдастыру кезінде  әлеуметтік инновацияларды енгізу  үшін кітапхана жүйелерін қабілетті, тұрақты, жаңғырту ресурсы және  өміршең үлгі ретінде сақтау;
  4. Халықаралық ынтымақтастықты нығайту және шекара маңындағы аймақтарды дамыту мақсатында ұлттық мәдениетті дамыту жөніндегі жобаларды қоса алғанда, ТМД елдерінен серіктестердің қатысуымен жобаларды қолдауды көздеу.
  5. Халық аз қоныстанған, жойылып бара жатқан ауылдардың тарихын зерттеу, сақтау мақсатында өңір ауылдарының жылнамасын жасау.
  6. Аймақтың тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және сақтау тақырыбы бойынша “Дауа” газетінің беттерінде жарияланған арнайы мақалалар жинағын басып шығару.
  7. “Павлодар облысының мәдениет және өнер тарихы” 3 томдығын дайындау және басып шығару, тарихшы-өлкетанушы Э. Д. Соколкин дайындаған материалдарды енгізу.
  8. Қазақстандық және ресейлік әдебиеттанушыларды тарта отырып, жазушы А. С. Сорокиннің жарияланбаған мұрағаттары бойынша зерттеулер жүргізу.
  9. С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының “Шекарадағы кездесу” жобасын әдеби ынтымақтастықпен толықтырып кеңейту.

Конференцияға қатысушылар осындай конференцияларды өткізу және кітапхана саласының даму мәселелері мен перспективаларын кәсіби талқылаудың жақсы дәстүрге айналатынына және кезекті кездесу конференция серіктестері  кітапханаларының бірінде өтетініне сенім білдіреді.

«Кітапхана – тарихи білім орталығы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының резолюциясы

Добавить комментарий