Орталық қалалық кітапханада «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік клубы аясында «Биологияда талай қызық бар» атты зияткерлік ойынның бірінші маусымы өткізілді. Мақсаты: зияткерлік ойын арқылы жастарды адамгершілікке Отанын сүюге, оны қорғауға баулу, жан-жақты білімін, ойлау өрісін, сөйлеу шешендігін шыңдау арқылы өз интеллектуалдық қабілетін арттыру, шығармашылық және интеллектуалдық деңгейін көтеру.


Шараға №5 КМЛ, №4 «Болашақ» мектеп-интернатының, №9 ОМ, тау-кен техникалық колледж студенттерінен құралған командалар қатысты. Ойын барысында биология бойынша сұрақтар қойылып, қара жәшік, блиц ойыны да ойнатылды. Ойын қызықты әрі тартысты өтті. Командалардың барлығы жартылай финалдық ойынға жолдама алды.

«Не? Қайда? Қашан?»

Добавить комментарий