Көк орман, көркем тоғай маужыраған,
Сұлудың көзіндей көл жаудыраған.
Малта тас, маржан, ақық, меруерт тас
Төгіліп көк жиекке саудыраған,
– деп жырлағандай қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі, Алаштың ардақтысы- Сәкен Сейфуллиннің 125 жыл толуына орай орталық қалалық кітапхана «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» атты әдеби оқулары өтті. Сайысқа №5 КМЛ оқушылары мен Тау-кен техникалық колледжінің студенттері қатысты.

Кітапханашы Сәкен Сейфуллиннің өмірбаяны туралы толық мәлімет беріп, қатысушылар ақын шығармаларын мәнерлеп оқыды. Шара барысында «Сәкен Сейфуллин» атты видео тамашалады.

Қатысушылар «Сәкеннің монологы» көрінісінен үзінді көрсетіп, ақынның жыр шумақтарын мәнерлеп оқыды. Сайыс кортындысы бойынша Хабақай Ажар 1-орын, 2-орын Адилов Ерсін және Досжан Айдын, 3-орын Сатыбалдина Алуа мен Мүшелтай Нұрлы иеленіп, мадақтама және шағын сыйлықтармен марапатталды.

«Қазақ әдебиетінің ақсұңқары»

Добавить комментарий