Кітап – құнды дүние. Осы құнды дүниенің сақталатын орны – кітапхана.
Ал оны сақтайтын – кітапханашы.
Қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылар – ең қажет, абыройлы мамандық иелері.

Кітапханашы мамандығы туралы насихаттау мақсатымен орталық қалалық кітапхана «1 курс студенттер» апталығы аясында «Бүгін сен кітапханашысың» атты дублер шоу өткізді. Шараға тау- кен техникалық колледжінің МІ-1-1 және «Мақсат» коледжінің НО-1студенттері қатысты. Кітапханашы мамандығының қыр-сыры таныстырылып, студенттер кітапханашы болып, оқырмандарға қызмет көрсетілді.

«Бүгін сен кітапханашысың»

Добавить комментарий