#Stepnogorsk55#Степногорск55
Қала мерейтойы қарсаңында Орталық қалалық кітапханада қуанышты оқиға болды. “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында жаңа коворкинг-орталықтың салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты шараға қала әкімі Еркебұлан Баяхметов, әкімнің орынбасары Гүлназ Әбілова, Көкшетау қаласының М. Жұмабаев атындағы облыстық кітапхананың директоры Талғат Ибраев, М. Жұмабаев атындағы облыстық кітапхана директорының орынбасары Дана Көбелекова, сондай-ақ “Жас Отан” жастар қанатының және “Нұр Отан” партиясының өкілдері қатысты. Жаңа коворкинг-орталықта қала тұрғындары үй жағдайында жұмыс істей алады. Себебі, орталық ашылуының басты мақсаты-келушілерге қолайлы жұмыс істеу үшін барлық жағдай жасау.

Коворкинг-орталықта ыңғайлы жұмыс істеу үшін қажетті барлық нәрсе бар: ыңғайлы дивандар, үстелдер, жеке және командалық жұмыс үшін аймақтар, жылдам интернет, принтерлер мен сканерлер. Сонымен қатар, кітапхана өз пайдаланушыларына ақпараттық қолдау көрсетуге дайын. Кітапхана ақпараттық және электронды ресурстардың бай қоры бар, пайдаланушыларға заманауи сервистік қызметтер кешенін ұсынады. Мұнда шеберлік сыныптары, дәрістер, семинарлар мен тұсаукесерлер өтеді. Бос уақытта қала жастары мен балалар үстел ойындарын ойнап, соңғы жаңалықтарды талқылап, пікір алмаса алады.

Орталықтың ашылу салтанатында “Не? Қайда? Қашан?” клубының ойыншылар қонақтарға қаланың 55 жылдығына арналған “Степногорск және степногорлықтар” ойынын көрсетті.

Коворкинг-орталықта

Добавить комментарий