«Елбасы – бейбітшілік пен келісім кепілі»

Ызғары бар демесең, желтоқсан қазақ үшін қашаннан қастерлі. Мәселен, 1991 жылы тап осы айда тарихи оқиғаны бастан кешіріп, егемен еліміздің алғашқы Президентін сайладық. Қазір бүкіл жаһан жұрты Нұрсұлтан Назарбаевты көреген саясаткер ретінде мойындайды. Ал Қазақстанмен дамуы қарқынды мемлекет ретінде санасады. Еліміздің тұтқасын ұстап, туын көтерген тұғырлы басшы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының ерең ерлігін паш етуге арналған «Елбасы – бейбітшілік пен келісім кепілі» атты шараны орталық қалалық кітапхана 3517 әскери бөліміне барып өткізді.